# 28. Аса дәулетті бай жігіт ![Frame 28-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-01.jpg) Сол кезде аса дәулетті бай жігіт Исаға келіп: “Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?” — деген сұрақ қойды. Иса оған: “Мені неге ізгі дейсің? Тек Құдай ғана ізгі. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол!” — деп жауап берді. ![Frame 28-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-02.jpg) Әлгі жігіт: “Өсиеттердің қайсыларын орындауым керек?” — деп сұрады. Иса: “Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!” және “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” — деді. ![Frame 28-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-03.jpg) Жас жігіт: “Мен бұл өсиеттердің барлығын бала күнімнен орындап келемін. Мәңгілік өмір сүру үшін тағы не істеуім керек?” — деді. Иса оған сүйіспеншілікпен қарап: ![Frame 28-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-04.jpg) “Егер кемелді болғың келсе, бар да, барыңды сатып, ақшасын кедейлерге тарат. Сонда қазынаң көкте болады. Содан кейін қайтіп келіп, Менің артымнан ер.” — деді. ![Frame 28-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-05.jpg) Исаның сөзін естіген кезде жігіт қатты қапаланып, Оның қасынан кетіп қалады. Себебі ол аса бай болатын және бар байлығынан айырылғысы келмеді. ![Frame 28-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-06.jpg) Сонда Иса шәкірттеріне: “Байлардың Құдай патшалығына кіруі тым қиын! Байдың Құдай патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай.” -деді. ![Frame 28-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-07.jpg) Исаның сөзін естіген шәкірттері қатты таңғалып: “Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?” — деп сұрады. ![Frame 28-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-08.jpg) Иса шәкірттеріне қарап, былай деп жауап берді: “Адамдар өздерін құтқара алмайды. Бірақ Құдайға мүмкін емес нәрсе жоқ” ![Frame 28-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-09.jpg) Сонда Петір Исадан: “Біз, шәкірттерің болып, бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрміз. Сонда біздің сиымыз қандай болмақ?” - деді. ![Frame 28-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-10.jpg) Иса былай деп жауап берді: “Маған бола үй-ішін, бауырларын, ата-анасын, бала-шағасы мен дүние-мүлкін тастаған әркім жүз есе артығымен алады. Сонымен бірге ол мәңгілік өмірге ие болады. Алдыңғы қатардағылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады”. _Матай 19:16-30, Марқа 10:17-31 және Лұқа 18:18-30 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_